Ақмола облысының аумағында жеке ұшақ құлады. Аталған фактіні Көлік министрлігі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Оқиға 17 тамызда жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде болған. Aerostar R40F UP-LA229 жеңілмоторлы кемесі апатқа ұшыраған.
Көлік министрлігіне қарасты Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр. Авиациялық апаттарды тексеру ережелеріне сәйкес комиссия құрылды, - деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.
Кейбір деректерге сәйкес, оқиға орнында екі адам қайтыс болған. Қазіргі таңда олардың есімдері анықталып жатыр.