Ақмола облысындағы кейбір аумақта жол қозғалысына шектеу қойылды

Ақмола облысындағы кейбір аумақта жол қозғалысына шектеу қойылды

Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы жол қозғалы тоқтатылып отыр.

«Екатеринбург-Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы), «Егіндікөл-Жолан» 0-61,3 км
«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 43-119 км, 2, «Жалтыр-Макинск» 0-38 км, «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 0-43 км,
«Новочеркасское-Егіндікөл» -Қайнар 0-52 шақырымда жоз қозғалысы уақытша шектеу қойылды, - деді Астрахан ауданы ТЖБ бас маманы Рүстем Бімжанов.