03.06.2024
04:30
776

Ақмола облысында жүк көлігі отқа оранды

Ақмола облысы Есіл ауданындағы Красивое ауылының маңында "Камаз" жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер көліктегі қызыл жалынды 45 минутта сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себебі анықталуда.

Төтеншеліктер автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.