25.11.2022
05:21
1569
Ақмола облысында жолдар жабылды

Ақмола облысында жолдар жабылды

Ақмола облысында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана уақыты бойынша 23:30-да үш бағыттағы тасжол бағытындағы қозғалыс шектелді.

Жақсы-Есіл-Бұзұлұқ 0-82 шақырым, Жақсы кенті-Бұзұлұқ кенті;

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы-Сұрған кенті;

Жезқазған-Петропавл 537-552 шақырым, Бұзұлұқ кенті-Сұрған кенті.

Белгілі болғандай, «ҚазАвтоЖол»-дың ақмола облыстық филиалы 72 бірлік арнайы техника жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін «Қазгидромет» бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған болатын.