Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

6 Маусым 2023, 17:29 748

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, қайғылы оқиға 6 маусым күні сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолында болған.

Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі, оның үшеуі оның кәмелетке толмаған балалар, рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының тұрғынының басқаруындағы, қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысқан. Сонан соң минивэн Атбасар қаласының тұрғынының басқаруындағы DAF фурамен бетпе-бет соқтығысқан, - делінген мәліметте.

Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі мен оның 2013 жылы туған ұлы қайтыс болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: