Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - делінген Polisia.Kz мәліметінде.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.