27.09.2024
12:26
768
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» акциясына 600 мыңға жуық адам қатысты

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» акциясына 600 мыңға жуық адам қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы оған Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, аталмыш іс-шара қыркүйектің соңғы жексенбісінде белгіленген Еңбек күніне орайластырылды.

Акцияға жастар ұйымдары, азаматтық сектор өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер, «Жасыл Ел» жасағы және жергілікті коммуналдық қызметтер – барлығы 250 адам қатысты. Барлығы жұмылып 16 м3 қоқыс жинап шығарды, - делінген мәліметте.

Жоба басталғалы Ақмола облысында 500-ден астам экологиялық іс-шара өтті, оған 600 мыңға жуық адам қатысты.