Ақмола облысында суға батқан бала құтқару кезінде қайтыс болған жасөспірімнің отбасына марапат табысталды

26 Тамыз 2023, 17:58 2720
Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Арықты ауылында суға батқан баланы құтқару кезінде өзі бақилық болған жасөспірім марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Ауыл тұрғыны болған марқұм Володя Кринберг өзге баланы құтқарып, өзі суға батып кеткен еді. 14 жастағы жасөспірім қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталып отыр.
 
Қайғылы жағдай 29 шілде күні Қорғалжын ауданындағы Сардыбай аулының жанында орын алды. Владимир Гринберг Нұра өзенінде отбасымен бірге демалып жатқан еді. Сол кезде 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын байқап, бірден көмекке жүгірген. Ересектер де жетіп барғанымен құтқарылған ұлдың әкесі баласын судан алып шықты. Бірақ Володяның өзі суға батып, өмірі үзілді.
Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды құтқаруға асыққан. Өкінішке қарай, бала аталмыш жерде су құйыны болғандықтан өзі де суға бата бастаған, алайда оған ешкім көмектесе алмады, - деп жазылған Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте. 
Владимир Гринберг қайтыс болғаннан кейін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. Ал аталған медаль баланың туыстарына табысталып отыр.
Асқар Таудай
Бөлісу: