Ақмола облысында қар құрсауында қалған ауыр жүк көліктеріне полиция көмек көрсетті

10 Ақпан, 15:19 654

Ақмола облысында полицейлер көктайғақ салдарынан орнынан қозғала алмай қалған 10 ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне бірнеше сағат бойы көмек көрсетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жақсы-Есіл-Бұзылық тас жолында, жұмыс кезінде жол арнайы техникасы: автогрейдер және жүк тиегіш жол жиегіне түсіп кетті.

Оқиға орнына Санжар Қожеғұлов пен Ақыл Секенов құрамындағы патрульдік полиция батальонының экипажы келді. Құтқару операциясын жүргізу кезеңінде 10 автокөліктен тұратын ауыр жүк колоннасы тоқтатылды, алайда кейіннен көктайғақтың салдарынан жүк көліктері орнынан қозғала алмады. Полицейлер әр жүк көлігінің астына құмды сеуіп, содан кейін арнайы техниканың көмегімен көлік құралын жолға шығарды. Осылайша, бүкіл құтқару операциясы үш сағаттан астам уақытты алды.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін ауыр жүктердің қозғалысы жалғасты, көліктер өтуі үшін жол участіктері тазартылды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: