Ақмола облысында поцилия бөлімінің басшысының орынбасары жоғалып кетті

25 Маусым 2023, 10:18 526

Ақмола облысында Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембинге оған іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Тұрар Дүйсембиннің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы 23 маусымда Көкшетау полиция басқармасына өтініш түскенін мәлімдеді. Әйелінің айтуынша, Тұрар Дүйсембин 20 маусымда үйден шыққаннан кейін сол күйі оралмаған. Қазіргі уақытта жоғалған лауазымды тұлға бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында жүрген.

Өтініш түскеннен кейін бірден полиция департаменті кешенді іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Зеренді ауданы полиция бөлімі, Көкшетау қалалық полиция бөлімі, полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Полиция қызметкерлері Тұрар Дүйсембиннің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамға дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрап отыр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: