Ақмола облысында өрт шыққан үйден газ баллоны шығарылды

25 Қазан, 21:10 847

Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін күндіз Ақкөл қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қызыл жалын аумағы - 80 шаршы метр.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер үйден газ баллонын жедел шығарып, жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі ережелерін дер кезінде сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды. 

 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: