Ақмола облысында мыңнан астам көлік тасжолда қалып қойды

1 Наурыз 2023, 15:03 624

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолда мыңнан астам көлік жолда қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 28 ақпанда Ақмола облысында 12 автожолды жабу туралы шешім қабылданды.

«Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Блокпостар қойылды. Жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы боран туралы алдын ала ескертуге қарамастан көптеген көлік жолда қалды. Полиция қызметкерлері 6 колоннаға тізбектелген 1000-нан астам көлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына алып жүрді», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде, ауа райына байланысты «Астана – Павлодар» және «Астана – Щучье» тасжолдары жабық тұр.

EL.KZ
Бөлісу: