Ақмола облысында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

31 Мамыр, 21:38 366

Ақмола облысында көпқабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға бүгін 31 мамырда сағат 18.59-да Шортанды ауданында Дамса ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын аумағы - 5 шаршы метр. Пәтердегі жиһаз бен матрастың өртенген.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: