Ақмола облысында көлік жүргізуші жол үстінде көз жұмды

17 Шілде, 09:44 700

Ақмола облысында ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып кенет әлсіреп, рульде отырған күйі көз жұмған.

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ақмола облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, неврологиялық және басқа да аурулармен ауыратындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: