Ақмола облысында көлік өртенді

5 Маусым, 08:38 568

Ақмола облысының құтқарушылары жеңіл автокөліктен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бурабай ауданында "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктен өрт шығып, төтенще жағдай орын алды.

Өрт сөндірушілер дер кезінде оқиға орнына жетіп, өртті толығымен сөндірді. Қазір аталған тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.  Зардап шеккендер жоқ.

Бұл ретте төтенше жағдай министрлігі оқыс оқиға орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласуды қаперге салады. 

Зарина Арман
Бөлісу: