12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқмола облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 тамыз күні Целиноград ауданы полициясының кезекші бөліміне Ыбырай Алтынсарин ауылының Абай көшесі бойында кәмелетке толмаған қыз баланың қатысуымен ЖКО болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Абай көшесімен жүріп келе жатқан 41 жастағы Lada Kalina жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні басып кеткенін анықтаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қалалық ауруханаға “ЖБМЖ, миының зақымдануы, жіліншіктің жабық сынуы” диагнозы қойылған 17 жасар қыз жеткізілген. Қан алу тәркіленіп, сараптама тағайындалды.
Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық істі бастады.
Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында 53 ЖКО тіркеліп, 7 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер