Ақмола облысында гараж өртенді

13 Мамыр, 03:25 501

Ақмола облысы Атбасар қаласында гараж отқа оранды. Оқиға 12 мамырда сағат 21.39-да Матросова көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 техникасы жеткен. Қызыл жалын аумағы - 24 шаршы метр.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Қызыл жалын сағат 21.51-де оқшауланып, өрт сағат 22.13-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Зарина Арман
Бөлісу: