Бүгін түнде Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр ауылында және Целиноград ауданының Қоянды ауылында өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі жағдайда да өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ақпарат расталып, жеке моншалар өртке оранғаны анықталды.
Құрылыстар шатырларының құрылымдық ерекшеліктеріне және өрт ошағына жету үшін оны бөлшектеу қажеттілігіне қарамастан өрт сөндірушілер өрттерді қысқа мерзімде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.