Ақмола облысында бюджет қаражатын ұрлаған бухгалтер сотталды

12 Қыркүйек, 13:24 383

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды.

ҚК 190-б. 3-б 1-т. сәйкес, осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: