Ақмола облысында бүлдіршін 2-қабаттағы терезеден құлап кетті

22 Тамыз 2023, 12:15 823

 Ақмола облысында қараусыз қалған 2 жастағы қыз абайсызда 2-ші қабаттағы терезден құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы тамыздың 21-де Степногор қалалық Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, 2021 жылы туған жергілікті тұрғынның ауруханаға «катажарақат, жабық бас сүйегі жарақаты, ми шайқалу» диагнозымен жеткізілгенін айтқан.

Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін абайсызда москит торын итеріп, екінші қабаттағы терезеден құлаған. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде, - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналар мен қамқоршыларды балаларға мұқият болуға және оларды ашық терезелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: