17.12.2024
01:27
795
Ақмола облысында бірқатар жол учаскесі жабылды

Ақмола облысында бірқатар жол учаскесі жабылды

ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қоюға қатысты ақпаратты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 23:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

1.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақ., Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

2.«Жақсы-Есіл-Бұзылық» 71-82 шақ., Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;

3. «Жезқазған-Петропавл» 536-553 шақ, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін ;

Жолды 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.