Ақмола облысында балалар жаттықтырушысы есірткімен ұсталды

4 Қыркүйек 2023, 19:57 915

Шаңғы спортының жаттықтырушысы Ақмола облысының аумағында гашишті заңсыз өткізгені үшін ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз айналымнан 55 келі есірткі тәркіленгені белгілі болды.

Ұзақ мерзімді жедел жұмыс барысында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен келісу және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен “Қарасора – 2023” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Астана мен облыс аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Жібек Жолы кентінің терминалының жанында Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны, облыс аудандарының бірінің тумасы басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Сол тұлға балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан. Күдіктінің автокөлігін санкцияланған тінту барысында багаж бөлігінде картон қорап табылды, оның ішінде салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сол күні елорда маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі заттарының тағы бір көтерме саудагері, 36 жастағы ер адам ұсталды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратта.

Сол үйді санкцияланған тінту кезінде гараждың үй-жайынан салмағы 15 келіден астам есірткі заты бар екі полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Берік Арманов
Бөлісу: