Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен қыз табылды

15 Ақпан 2023, 20:04 925

Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз Ақкөл қаласынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Учаскелік инспекторлар қызметтік автокөлікпен жүріп келе жатып, полиция көлігін көріп, жақын маңдағы дүкенге тез жүгіріп бара жатқан қызды байқады. Жасөспірімнің бұл әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінді. Қызды көріп, іздеуде жүрген Элеонора Аяшеваны таныды.

Қыздың айтуынша, ол Ақкөлге 14 ақпанда келіп, досының үйінде түнеген. 2022 жылдың желтоқсанында қыздың ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылып, ол "Сандықтау ауылының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығы" КММ-де болған.

Қазір қыз бала Ақкөл қаласындағы ұқсас мекемеге орналастырылды.

EL.KZ
Бөлісу: