21.07.2024
20:29
1045
Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды.

Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.