Ақмола облысында "Алтын белгі" иегерлері марапатталды

15 Маусым, 19:15 810

Көкшетау қаласында 236 жас ақмолалықтар, «Алтын белгі» иегерлері құрметке ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айрықша белгіден басқа оларға салтанатты түрде 100 000 теңге сомасына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов түлектерді жетістіктерімен құттықтап, бүгінгі түлектер – Қазақстанның басты байлығы мен жарқын болашағы екенін атап өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет». Бүгінгі таңда мемлекет өзін-өзі жүзеге асыру үшін және әрқайсыңыз алдыңызға қойылған мақсатқа жетіп, өз әлеуетіңізді толық ашуыңыз үшін барлық жағдайларды жасады. Өз күш-жігеріңіздің арқасында сіздер табысқа жету жолында алғашқы қадам жасадыңыздар, баға жетпес капиталға ие болдыңыздар – бұл өмір бойы тірек болатын білім мен дағдылар, - деді М.Ахметжанов.

Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Әмір Дәулетбаев түлектердің атынан жауап сөз сөйледі.     

Біз түлектер ең алдымен ата-аналарымыз бен педагогтарымызға берген білімдері үшін алғыс айтамыз. Болашақта біз сіздердің сенімідерңізді ақтау үшін бар күшімізді саламыз және Отанымыздың дамуына өз үлесімізді қосамыз, - деді «Алтын белгі» иегері.

Айта кетейік, биыл орта мектепті 11-сыныптың 5000-ға жуық түлегі аяқтады, оның ішінде 236-сы «Алтын белгі» иегері және 347-сі жалпы орта білім туралы үздік аттестат иегері атанды.

Іс-шара облыстың оқу орындарының шығармашылық мамандықтары студенттерінің музыкалық нөмірлерімен жалғасты.

Перизат Саденова
Бөлісу: