Ақмола облысында 6 тонна шөп өртенді. Оқиға Астрахан ауданы Өндіріс ауылында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызыл жалын шаруашылық құрылысына өткен. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, оны 100 шаршы метр алаңда толықтай жойды.
Облыстық ТЖД оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Өрттің шығу себебі анықталуда.