Ақмола облысында құс етін терең өңдеу зауыты 2024 жылы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«IL-TOV» ЖШС басшысы Михаил Шейкман бүгінде өнімдер түрі артып, екінші желіне қосу үшін тағы инвестиция тартылатындығын айтты.
Екі түрдегі шницельдер, стрипсілер, наггетстер, митболдар, котлеттер сияқты өнімдердің кең ассортименті бар жылына 3300 тонна дайын өнім өндіретін жартылай фабрикаттар өндіру желісі іске қосылды. Автоматтандыру мен өнімділіктің осындай деңгейі бар зауыт Қазақстан аумағында бірінші болып табылады. 2024-2025 жылдары біз тағы бір желі қойып, жылына 10-12 мың тонна қуатқа шығуға ниеттіміз. Қазіргі уақытта инвестиция көлемі 3,7 млрд теңгені құрады. Екінші желіні орнату үшін шамамен 3 млрд теңге көлемінде қосымша инвестициялар тартылатын болады, - деді ол.
АШМ мәліметінше, қазіргі уақытта компания Қазақстан аумағында өнімді сатуға кірісті және кәсіпорынды жеткізушілер тізіліміне енгізу және бюджеттік ұйымдармен ынтымақтастық жөнінде шаралар қабылдауда. Сонымен қатар экспорттық бағдарланған өнімдер ЕАЭО елдерінде сұранысқа ие.
Бүгінгі күні зауытта 85 адам жұмысқа орналастырылды, екінші желіні орнатқаннан кейін жұмыс орны 200-ге дейін артады.