20.09.2023
10:28
1127
Ақмола облысында 30 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды

Ақмола облысында 30 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды

Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Осылайша, аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50% -ға қысқарды. Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.