24.08.2025
14:03
138
Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды

Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобустар Астанадан шыққан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңбырдан кейін дала жолы лайға айналып, көліктер жүріп өте алмай қалған. Автобустарда барлығы 99 жолаушы болған.

Хабар түсе салысымен құтқарушылар оқиға орнына аттанып, арнайы техникамен автобустарды жолдың таза бөлігіне сүйреп шығарды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Туристер жолын әрі қарай жалғастырды.