Ақмола облысында 10 тонна шөп өртеніп кетті

13 Тамыз, 21:29 941

Ақмола облысында шөп таситын көліктің тіркемесіндегі 10 тонна шөп өртенді. Оқиға Бестөбе ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Облыстық ТЖД төтенше жағдай орын алған жағдайда "101" және "112" нөмеріне хабарласу керектігін ескертеді.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: