Ақмола облысында 10 тонна шөп өртенді

27 Қыркүйек, 20:05 694

Ақмола облысы Степногорск қаласының Бестөбе кентінде 10 тонна шөп өртенді. Мал азығы жүк көлігінің тіркемесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің көлікке таралу қаупі болғандықтан шөпті тіркемеден ашық жерге түсіріп барып қызыл жалынды сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Облыстық ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: