Полицейлер Щучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, "Мал ұрлығы" ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркілеген.
Ақмолалық ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтқан.
"Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тексеру кезінде "Тіркелген қару" және "Қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.