06.05.2024
23:00
1195
Ақмола әкімі тыл еңбеккерін 100 жасымен құттықтады

Ақмола әкімі тыл еңбеккерін 100 жасымен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда тұратын тыл еңбеккері Майра Әбілпейісованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғасыр куәсі жұбайы Тұрлыбек Әбілпейісовпен бірге 9 бала тәрбиелеп өсірген. Кейуананың бүгінде 26 немересі, 45 шөбересі және 8 шөпшегі бар.  Жұбайы Тұрлыбек Әбілпейісов Социалистік Еңбек ері болды, Қазақ КСР-нің Алтын Құрмет Кітабына енгізілді.

Майра Әбілпейісова «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55, 60, 65, 70 жылдығы мерейтойлық медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, 2010 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» алқасымен наградталған.