24.03.2025
21:26
2355
Ақмарал Науатбек - Әлем кубогының жеңімпазы

Ақмарал Науатбек - Әлем кубогының жеңімпазы

Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спорт комитетінің мәліметінше, финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді.

Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі – Алтын нашивкамен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.