Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үйінде болған өрт кезінде неліктен құтқару матрастары қолданылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар тұрғын үйлердің ішіне кіріп, тұрғындарды өрттен алып шықты. Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде қолданылатын автосатыларды пайдаланды. Бұл жерде, ең бастасы, дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтау керек. Дегенмен сол кезде тұрғын үй алаңында жүрген азаматтар дүрбелең жасап, тұрғындарға терезеден секіру үшін матрастар мен кілемдерді пайдаланған. Өрт кезіндегі қауіпсіздікке байланысты бұлай жасаудың қажеті жоқ еді және өрт сөндіруші мамандарын күту керек, - деді Шәріпханов.
Оқи отырыңыз:
Министрдің айтуынша, Алматыда өрттен құтқару кезінде қолданылатын екі матрас бар. Дегенмен Алматыдағы жағдайда матрастарды қолдану қажет болмады. Себебі ғимаратта ашық өрт және түтін болмаған. Сондықтан қарапайым қауіпсіздік шаралары қолданылды.
Алматыда өрттен құтқару қызметінде 19 автосаты бар. Бұл жеткіліксіз. Алдағы уақытта тағы 6 автосаты алынады. Еліміз бойынша 200 автосаты бар, - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыдағы тұрғын үй кешенінде өрт болып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Қайтыс болған әйелдің отбасына қала әкімі Ерболат Досаев көңіл айтты.
Бұл қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары