Ақбөкендердің санын азайту қалай жүзеге асады? Министр жауап берді

16 Қазан 2023, 14:22 2582

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ақбөкендердің ауыл шаруашылығына келтірген залалын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, биологиялық негіздемеге сәйкес бүгінде ақбөкендердің санын реттеудің екі түрі ұсынылған.

Бүгінгі таңда ақбөкендердің саны тарихи көрсеткіштерден асып түсті. Бұл қасқыр сияқты табиғи реттегіштің болмауына байланысты болды. Бұрын құрғақшылық жайылымдардың нашарлауына және жем-шөптің болмауына әкелді. Сонымен қатар, аурулар болды. Бүгінде ақбөкен саны өсіп, ауыл шаруашылығына зиянын тигізуде. Біз 12 миллиард теңгеден астам шығын туралы айтып отырмыз, - деді Нысанбаев брифингте

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: