Ақбөкендер популяциясына қатысты шешім алдағы уақытта қабылданады

18 Қыркүйек 2023, 16:35 2089

Ақбөкендер популяциясын басқару мәселесі бойынша шешім жақын арада қабылданады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, еліміздегі ақбөкендердің саны тұрақты тұтынушылық және тұтынушылық емес пайдалануды негіздейтін көрсеткішке жетті.

Қазіргі уақытта биологиялық негіздемеге сәйкес ақбөкендер популяциясын басқару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада осы мәселе бойынша шешім қабылданады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен сараптамалық талқылауда Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері айтты.

ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким ақбөкендерді атуға тыйым салынған 1999 жылдан бастап олардың саны өскенін айтты. Оның сөзінше, осының кесірінен ауыл шарушылығы саласында әлеуметтік шиеленіс туындап отыр.

Көктемгі әуе есебінің нәтижелері бойынша, Оралдағы ақбөкеннің саны 1 млн 130 мың адамды құрады, ал Қазақстан бойынша 1 млн 915 мыңға жетті. Болжамды деректер бойынша биылғы жылы ақбөкендердің жалпы саны шамамен 2,6 млн-ды құрайды. Ақбөкендер санының артуы ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянын тигізіп отыр, - деді ол.

Оның сөзінше, ақбөкендер шабындықтар мен егістік алқаптарын таптап, жайылымдарды қиратып жатыр. Еліміздің 5 облысының ауыл шаруашылығына қауіп төніп тұр.

Отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мал азығының жетіспеуі мен қымбаттауына байланысты мал санын азайту қажеттілігі туындағанын айтады. Олардың айтуынша, бұл жағдай АӨК-те өндірілетін өнімдер бағасының өсуіне алып келеді, - деді ол.

Сондай-ақ ақбөкендер санының тез өсуі аймақтағы мал шаруашылығының дамуына қауіп төндіріп қана қоймай, жабайы фаунадан аурудың таралу қаупін арттырады. Жабайы жануарлардың санының көп болуы ақбөкендер мен үй жануарлары арасында аурудың таралу ықтималдығын, яғни эпизотия қаупін арттырады.

Шетелдерде жабайы жануарлардың популияциясы кесірінен жайылымдық және егістік жерлер жойылып, тұрғындардың қауіпсіздігіне және белгілі бір аймақтың биоәртүрлілігіне қауіп төнгенде, ату тәжірибесі кең таралған, - деді комитет басшысы.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: