АПВ-ға қарсы вакцинациялау әлемнің 135 елінде қолданылады

12 Наурыз, 17:49 556

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда қолданылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ДСМ мәліметінше, Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігін қоса алғанда, әлемнің 117 елі адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

ДДҰ ұсынымына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ-9-14 жас аралығындағы қыздар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарлануда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: