Аптасына қанша рет спортпен шұғылдану керек? Маман жауап берді

27 Тамыз 2023, 08:21 1199

Ресейлік эндокринолог дәрігер Зухра Павлова аптасына қанша рет спортпен шұғылданған ағзаға пайдалы екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Маман Массачусетс университетінің ғалымдарының зерттеуіне сүйене отырып, аптасына 2,5 сағат спортпен шұғылданудың пайдасы орасан дегенді алға тартады.

Жұмыс уақытыңыз тығыз болып күнделікті спортпен шұғылдана алмасаңыз, оған уайымдаудың қажеті жоқ. Себебі ағзаны тонуста ұстау үшін аптасына 1-2 күн уақыт тапсаңыз да жеткілікті, - дейді Павлова.

Зерттеуге екі топ қатысқан. Бірінші топ демалыс күндері 150 минуттан астам уақыт спортпен шұғылданған, ал екінші топ бұл жүктемені аптасына бірнеше күнге бөлген. Бірінші топта инфаркт қаупі 27 пайызға, жүрек жеткіліксіздігі — 38 пайызға, жүрекшелердің фибрилляциясы — 22 пайызға, инсульт — 21 пайызға төмендеді. Екінші топта бұл көрсеткіштер тиісінше 35, 36, 19 және 17 пайызды құрады.

Дегенмен маман спортпен күнделікті айналысудың пайдалы екенін де алға тартты.

Кем дегенде 15-20 минутты спортқа арнаған жөн, - деді ол.

Берік Арманов
Бөлісу: