Аптап ыстық: Өзбекстанда 4 мың адам ауруханаға түсті

22 Шілде 2022, 02:14 1285

Бұған дейін Өзгидромет 17-22 шілдеде республикада +47 градусқа дейін аномальді ыстық болатынын хабарлады.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 мыңнан астам адам осы аптадағы аптап ыстықтан ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады El.kz.

Өзбекстанда 25 маусым мен 5 тамыз аралығы жылдың ең ыстық кезеңі саналады. Халық оны "шілде" деп атайды. Күндіз Ташкентте ауа температурасы 40-43 градусқа дейін ысыса, елдің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады.

Бұған дейін Өзгидромет 17-22 шілдеде республикада +47 градусқа дейін аномальді ыстық болатынын хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, 23,4 мыңнан астам адам қан қысымының көтерілуі, ентігу, демікпе ұстамасы және басқа да созылмалы ауруларға байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгінген және соның ішінде 4,215 мың адам ауруханаға жатқызылды.

Ведомство хабарлағандай, Өзбекстан бойынша 1 010 емхана мен 923 отбасылық дәрігер кабинетінде аптап ыстыққа байланысты алғашқы көмек қызметінің жұмысы күшейтілген.


Бөлісу: