Аптап беті қайтпайды. 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

24 Шілде 2022, 07:37 2038

Абай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады, 25 м/с жел соғады. 

Қазгидромет 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды EL.KZ.

Атырау облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстанда күн күркіреп, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында да найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болжануда. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін барады. Күндіз аптап ыстық, 44 градус күтілуде. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында да күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстігінде, батысы мен шығысында найғазай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні күндіз – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында – найзағай, бұршақ, дауыл. Күндіз желдің екпіні 25 м/с-ке дейін барады.

Абай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады, 25 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.

Павлодар облысында найзағай жарқылдайды деп күтілуде, жел күшейеді.

24-28 шілде аралығында күндіз Алматы облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады – 40-43 градус.

24-26 шілде күндері Жетісу облысында сынап бағанасы 41-43 градусқа дейін көтеріледі.

EL.KZ
Бөлісу: