Апта ыстықтан кейінгі жаңбыр. 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

14 Шілде 2023, 00:32 1084

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада найзағай ойнап, күндіз қатты жел соғады, бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда аптап ыстық жалғасады: +36+38 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Орал қаласында найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін. Өрт қаупі жоғары.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойысса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады: +35+37 градус. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді, аптап ыстық сақталады: +36 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында күндіз солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстігінде аптап ыстық сақталады: +35 градус. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Абай облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Павлодар облысының батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде өңірдің батыс бөлігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстіктен жел соғады, соққан желдің кей тұстағы екпіні 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қалада аптап ыстық болады: +35+37 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, өңірдің батысында, оңтүстігінде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Петропавлда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл ауданында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +36 + 39 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз аптап ыстық болады: +37+39 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде сынап бағаны +38+40 градусты көрсетеді деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз қатты ыстық болады: +38+40 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: