Apple бүктелмелі iPhone шығаруы мүмкін, оның бағасы 1800-ден 2000 долларға дейін болады. Бұл туралы UBS инвестициялық банкінің сарапшыларына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл компания тарихындағы ең қымбат iPhone болмақ – тіпті бастапқы бағасы 1599 доллардан басталатын MacBook Pro-дан да қымбат.
Жаңа құрылғы туралы не белгілі?
UBS мәліметінше, бүктелмелі iPhone сұранысы жоғары сұраныстағы модельдерден де қымбат болады – мысалы, iPhone 15 Pro Max моделі 1199 доллардан басталады. Осылайша, Apple бүктелмелі флагмандар сегментінде Samsung деңгейіне шыққалы отыр: Galaxy Z Fold 7 АҚШ-та 1999 доллардан сатылады.
Дереккөздер құрылғының ықтимал қалыңдығы жайлы мағлұматпен де бөлісті. Weibo желісінде 1,4 миллион жазылушысы бар Instant Digital аккаунтының мәліметінше, бүктелмелі iPhone ашық күйде кем дегенде 4,8 миллиметр қалың болады. Салыстырмалы түрде: Galaxy Z Fold 7 – 4,2 миллиметр.
Бұған дейін сарапшы Мин-Чи Куо iPhone-ның ашық күйіндегі қалыңдығы небәрі 4,5 миллиметр болуы мүмкін екенін айтқан еді, алайда соңғы ақпаратқа қарағанда, Apple бұл көрсеткішке жете алмауы мүмкін.
Қашан шығады?
Куо мәліметіне сүйенсек, жаппай өндіріс 2026 жылдың екінші жартысында басталады. Яғни құрылғының таныстырылымы дәл сол жылы өтуі мүмкін.
Күтілетін техникалық сипаттамалары:
Жалпы, Apple бүктелмелі құрылғылар нарығына кештеу келіп отыр – Samsung мұндай модельдерді 2019 жылдан бастап шығара бастаған. Алайда Купертино қаласындағы компания сапаға мән беруді жөн көретінін алға тартқан.