19.12.2025
16:13
526
Apple-дің 2025 жылғы ең сәтсіз өнімдері аталды

Apple-дің 2025 жылғы ең сәтсіз өнімдері аталды

2025 жыл Apple үшін өнімдерге бай болғанымен, компанияның барлық бірдей жаңалығы оң бағаланды деп айта алмайсың. Macworld басылымының сарапшылары жыл қорытындысын жасап, Apple экожүйесіндегі ең үлкен сәтсіздіктер мен ең табысты өнімдерді атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Журналистердің пікірінше, жылдың басты сәтсіздігі – Liquid Glass («сұйық әйнек») деп аталған жаңа дизайн шешімі. Бұл визуал iOS 26 және Apple-дің өзге де операциялық жүйелерінде қолданылды. Алайда Macworld авторы Саймон Джари бұл стильді қатты сынға алды. Оның айтуынша, Liquid Glass –­ «функционалдылық есебінен жасалған жалған сән-салтанаттың ең нашар үлгісі». Сарапшылар бұл дизайн әдемі көрінгенімен, қолдану ыңғайлылығы төмендегенін атап өтті.

Жылдың тағы бір көңіл қалдырған өнімі ретінде Mac Pro компьютері аталды. Apple бұл құрылғыны жаңартуды ұмытып кеткендей әсер қалдырған. Қазір компания Mac Pro-ны шамамен 10 мың АҚШ долларына сатып отыр, алайда оның ішіндегі процессор екі буынға ескірген. Мұндай баға мен техникалық сипаттаманың сәйкессіздігі сарапшылар тарапынан сынға ұшырады.

Сонымен қатар Macworld редакциясы жылдың үздік өнімдерін де анықтады. 2025 жылдың ең үздік смартфоны деп iPhone 17 танылды. Ол 120 Гц жаңарту жиілігі бар экранмен және базалық нұсқасында 256 ГБ жадпен жабдықталған.

Жыл компьютері – Mac Studio M3 Ultra,
ең үздік процессор – M5 чипі,
планшет – iPad Pro M5,
ақылды сағат – Apple Watch SE 3,
ал жылдың ең үздік жаңартуы – iPadOS 26 деп бағаланды.

Macworld журналистері Apple үшін 2025 жыл мазмұнды өткенін де атап өтті. Компания iPhone, iPad, Mac, AirPods және тіпті Vision Pro желісін де жаңартып, экожүйесін кеңейте түскен.

Айта кетейік, бұған дейін танымал инсайдер Мин-Чи Ко Apple- жиналмалы iPhone Fold моделі жақын арада қолданысқа шықпайтынын алға тартты. Бастапқыда құрылғы 2026 жылдың соңында жарыққа шығалы деген жоспар болған, дегенмен маман оның нарыққа шығу уақытын 2027 жыл деп отыр.