Brand Finance деп аталатын халықаралық брендтерді бағалау ұйымы «Global 500 – 2026 жылғы әлемдегі ең қымбат 500 бренд» атты жыл сайынғы баяндамасын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Apple компаниясы екінші жыл қатарынан әлемдегі ең құнды бренд атанды.
Brand Finance есебіне сәйкес, Apple бренді 2026 жылы 607,6 миллиард доллар деп бағаланды. Бұл – былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Айта кетейік, 2025 жылы компанияның брендтік құны 574,5 миллиард долларды құраған еді.
Оқи отырыңыз:
Рейтингтің екінші сатысына Microsoft орналасқан. Компанияның бренд құны бір жылда 23 пайызға өсіп, 565,3 миллиард долларға жеткен. Ал үздік үштікті Google түйіндеп тұр – бұл бренд 433,1 миллиард доллар деп бағаланды. Google көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.
Төртінші орынға Amazon жайғасты. Америкалық алпауыттың бренд құны 369,9 миллиард долларды құрап, бір жылда 4 пайызға өскен. Ал бесінші орынға технологиялық серпілісімен көзге түскен Nvidia көтерілді. Жасанды интеллект инфрақұрылымындағы рөлімен танымал компанияның бренд құны бір жылда 110 пайыз өсіп, 184,3 миллиард долларға жеткен. Осылайша, Nvidia Samsung, TikTok, Walmart және Facebook сияқты ірі брендтерді артта қалдырды.
Алғашқы ондыққа тағы мына компаниялар енген:
6-орын – Қытайдың TikTok бренді (153,5 млрд доллар),
7-орын – америкалық бөлшек сауда алыбы Walmart (141 млрд доллар),
8-орын – Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясы (119,2 млрд доллар),
9-орын – америкалық Facebook (107 млрд доллар),
10-орын – Қытайдың State Grid корпорациясы (102,4 млрд доллар).
Елдер бойынша АҚШ көшбасшылықты сенімді түрде ұстап тұр. Global 500 тізіміндегі 192 компания – америкалық брендтер. Одан кейін Қытай (68 бренд), Жапония (33), Франция (33), Германия (26) және Ұлыбритания (25 бренд) орналасқан.
Зерттеу нәтижесі бойынша, әлемдегі ең қымбат 500 брендтің жалпы құны бір жылда 10 пайыз өсіп, 10,4 триллион долларға жеткен. Brand Finance Turkiye директоры Мухтерем Ильгюнердің айтуынша, бұл көрсеткіш жаһандық экономиканың баяу өсу қарқынына қарамастан тіркелген.
БҰҰ деректеріне сүйенсек, әлемдік экономикалық өсім төмен деңгейде. Алайда Brand Finance мәліметтері басқа үрдісті көрсетеді. Ең құнды 500 брендтің жалпы құны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыз артты, – деді Ильгюнер «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында.
Сарапшының айтуынша, Global 500 брендтері жаһандық экономикалық өсімнен 3,2 пайыз жоғары нәтиже көрсеткен. Нарықтағы үлестің 53,4 пайызы АҚШ-қа тиесілі – бұл 5,5 триллион доллар. Қытай 1,6 триллион доллармен 15 пайыздық үлеске ие. Германия – 580,2 млрд доллар (5,6%), Жапония – 490 млрд доллар (4,7%), Франция – 426,5 млрд доллар (4%). Ал ең төменгі көрсеткіш Аргентинаға тиесілі – бір ғана бренд және 6 миллиард доллар.
Салалар бойынша ең ірі үлесті банк секторы иеленіп отыр: 79 брендтің жалпы құны 1,3 триллион доллар, бұл жалпы рейтингтің 12,5 пайызы. Одан кейін медиа саласы (25 бренд, 1,1 трлн доллар), электроника (17 бренд, 835,4 млрд доллар), интернет және бағдарламалық қамтамасыз ету (11 бренд, 759,4 млрд доллар) және бөлшек сауда (40 бренд, 707 млрд доллар) орналасқан.
Бренд құны бойынша ең үлкен өсім Revolut британиялық финтех-компаниясына тиесілі – 239 пайыз. Ал ең ірі құлдырау Tesla брендінде тіркелген – компания бір жылда 35,8 пайыз төмендеген.
Ильгюнердің айтуынша, рейтингтің соңында тұрған брендтің өзі 5,2 миллиард доллар деп бағаланған.
Әлемдегі ең құнды 500 брендтің ішіндегі топ-20-ның тізімі мынадай (құны миллиард доллармен есептелген):
|
Бренд атауы |
Ел |
Сала |
Құны | |
|
1. |
Apple |
АҚШ |
Технология |
607,6 |
|
2. |
Microsoft |
АҚШ |
Технология |
565,3 |
|
3. |
|
АҚШ |
Медиа |
433,1 |
|
4. |
Amazon |
АҚШ |
Сауда |
369,9 |
|
5. |
Nvidia |
АҚШ |
Технология |
184,3 |
|
6. |
TikTok/Douyin |
Қытай |
Медиа |
153,5 |
|
7. |
Walmart |
АҚШ |
Сауда |
141 |
|
8. |
Samsung |
Оңт.Корея |
Электроника |
119,2 |
|
9. |
|
АҚШ |
Медиа |
107 |
|
10. |
State Grid |
Қытай |
Қызмет көрсету |
102,4 |
|
11. |
Deutsche Telekom |
Германия |
Телеком |
96,2 |
|
12. |
ICBC |
Қытай |
Қаржы |
90,9 |
|
13. |
|
АҚШ |
Медиа |
80,8 |
|
14. |
China Construction Bank |
Қытай |
Қаржы |
77,2 |
|
15. |
Home Depot |
АҚШ |
Торговля |
3,4 |
|
16. |
Verizon |
АҚШ |
Телеком |
73 |
|
17. |
Bank of China |
Қытай |
Қаржы |
70,8 |
|
18. |
Oracle |
АҚШ |
Интернет |
68 |
|
19. |
Agricultural Bank of China |
Қытай |
Қаржы |
62,8 |
|
20. |
Toyota |
Жапония |
Автомобильдер |
62,7 |
Бұған дейін Apple 2011 жылдан бері алғаш рет Samsung-ты басып озғаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар аталған компанияның 2025 жылғы ең сәтсіз өнімдері аталды.