Апаттар медицинасы орталығы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

12 Мамыр, 06:20 616

Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, орталық қызметкерлері экологиялық акция аясында өтетін апта сайынғы сенбіліктерге қатысып келеді.

Апаттар медицинасы орталығының аумақтық филиалдары мен трассалық медициналық-құтқару пунктіндегілер айналаны көгалдандыру, қоқыстарды жинау, ағаштарды отырғызу және әктеу жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: