«Апатқа ұшырамайды». Министр енді ЖЭО-да апат болмайды деп сендірді

12 Желтоқсан 2023, 15:35 1013

Теміртау, Екібастұз және Риддердегі ЖЭО-дағы апатқа байланысты энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Теміртау қаласындағы «Bassel Group LLS» ЖШС, Екібастұз бен Риддердегі ЖЭО және ГРЭС-1-де температуралық режим толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар, технологиялық бұзушылықтардың жіктелуіне сәйкес, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа ұшырамайды, - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Энергетика министрінің сөзінше, Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды. Қазіргі уақытта барлық тұтынушылар ;жылы жүйесіне қосылған.

Электр қуатын тұтынудың максимумы 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде күтіледі, - деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Екібастұз, Риддер, Теміртау, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қаласының тұрғындары ЖЭО-дағы апатқа байланысты  жылу мен сусыз отырды. 

Миражан Махан
Бөлісу: