АӨСШК Министрлер кеңесі паназиялық ұйым трансформациясының Жол картасын мақұлдады

22 Қыркүйек 2023, 14:50 1138

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Министрлер кеңесінің бейресми отырысы өтті. Бұл туралы АӨСШК хатшылығына сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлер кеңесі ұйымды нығайтуға және Азияның жаңа жаһандық рөліне бейімдеуге бағытталған реформалардың сегіз нақты бағытын көрсететін АӨСШК Трансформациясының Жол картасын мақұлдады. Онда құрамына 28 мүше-мемлекет кіретін аталған халықаралық ұйымды нығайтуға және және оның Азиядағы жаңа жаһандық рөліне бейімделуіне бағытталған реформалардың нақты сегіз саласы атап көрсетілген. Біртіндеп трансформациялау үдерісі 2022 жылы қазанда Астанада, Қазақстанның 1992 жылы БҰҰ қабырғасында ұйымды құру бастамасына 30 жыл толу мерейтойы құрметіне орайластыра ұйымдастырылған АӨСШК алтыншы саммитінде басталғанды.

Жол картасы ұйым жарғысын әзірлеу, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеу секілді ашық және толық емес тізбесі бар трансформация үдерісінің құрылымдық күн тәртібі мен жетекші құжаты ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ АӨСШК, бюджет және кадр реформасы және басқа да тақырыптарды қамтиды.

Бүгінде АӨСШК кең географиялық кеңістікті қамтитын және  күн тәртібі бар бірегей паназиялық үкіметаралық форум болып табылады. Бұл оны бейбітшілік, ынтымақтастық, қауіпсіздік және даму үшін елдерімізді біріктіру үшін ең қолайлы платформаға айналдырады. Ортақ мақсат орайында күш-жігер жұмылдыра отырып, АӨСШК-нің біріктіргіш рухын сақтайтындығымызға және нығайтатындығымызға, ұйымның халықаралық беделі мен әлемдік аренадағы тартымдылығын арттыратынымызға сенімім мол, - деп мәлімдеді министрлер кеңесінің төрағасы, премьер-министірінің орынбасары - сыртқы істер министрі  Мұрат Нұртілеу.

АӨСШК бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай Министрлер кеңесіне Хатшылық  АӨСШК-нің  Саммитінде белгіленген  міндеттерді  орындағанын хабарлады. АӨСШК-тегі Қазақстан Төрағалығының  тапсырмасы бойынша Хатшылық  мүше-мемлекеттермен кеңінен кеңес құрып, олардың ой-пікірлерін жинап, Жол картасына сәйкес алдағы  уақытта мүше-мемлекеттер талқылайтын трансформациялауға байланысты нақты шаралар бойынша ұсыныстар жасады.

АӨСШК министрлер Кеңесі содай-ақ аталған ұйым қызметінің мүлдем жаңа бағытына саяси серпін беретін  тұрақты даму  мақсатында еріктілер қозғалысын ілгерілету туралы Мәлімдеме қабылдады. Бұл азаматтарды, әсіресе жастарды волонтерлық қызметке белсенді түрде тартуға жол ашады.

Министрлер кеңесінің мүшелері АӨСШК-ні институттық дамытуың алдағы перспективалары туралы байыпты пікір алмасып, Азя Кеңесін трансформациялаудың алғашқы қадамдарына қолдау білдірді. Министрлер сонымен бірге, АӨСШК отырысының  күн тәртібіндегі басқа да маңызды мәселелерді талқылап, АӨСШК Бас Хатшысының келесі орынбасары қытайлық  Чжан Лин ханымды тағайындау туралы шешім қабылдады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: