Қаныш Сәтпаевты еске алу

13 Сәуір 2018, 03:13 2057

 

12 сәуір күні Қазақстанда Ғылым күні атап өтіледі. Дәстүр бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ-мен бірлесіп, Қазақстан Ғылым академиясының Тұңғыш президенті, геология ғылымының докторы, академик Қаныш Сәтпаевтың 119 жылдығына арналған «Қ.И. Сәтбаевтың ілімі негізінде қоғамдық сананың рухани жаңғыруы» атты ғылыми тәжірибелік форумын өткізді.

Осы іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі ғылыми әлемде ғылыми зерттеу бағыттары бойынша қатысушылардың ой көкжиегін кеңейту арқылы университет ғалымдарының дарынды балаларға қолдау көрсетуі.

Форумда университеттің ғалымдары, Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, «Солтүстік Қазақстан жер қойнауы» өңіраралық департаментінің өкілі сөз сөйледі.

«Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы, сатпаевтанушы Мейрамбек Қиықов қатысып отырғандардың алдында «Ұлы жеті жетістік – Қаныш Сәтбаевтың өнегелі ерлігі» тақырыбына сөз сөйлеп, «Келешекке өткеніңді ұмытып, алға қарай жүру мүмкін емес. Бірінші кезекте бұл елдің мұрасы, ұлттық байлығы болатын адамдарға қатысты айтылған. Халықтың тарихы оның ұлы ұлдарының есіміне негізделеді. Осы байланысқа сәйкес, Қазақстан Ғылым академиясының негізін салушы, тұңғыш кәсіби қазақ геологы, тау инженері және бірінші академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың тұлғасы мен жетістігі, ғылыми және мемлекеттік қызметі Қазақстан тарихында үлкен маңызға және негізгі рөлге ие», деп айрықша айтып өтті.

«Қаныш Сәтпаев - XX ғасырдың ұлы ғалымы» жобасы - Мейрамбек Қиықұлының авторлық төл дүниесі.Осы жобаны іске асыру арқылы Көкшетау қаласының 19 мектеп түлегі Семей геологиялық барлау колледжіне оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдады. Қазіргі уақытта олар елдің тау-кен өнеркәсібінің түрлі саласында жұмыс істеп жүр.

Форум белсенді қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: