Антикор елордалық стадионды апатты деп тану үшін пара алу фактісін тергеуде

5 Шілде 2022, 16:29 858

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апаттық жағдайда деп танылғаны туралы ақпарат шыққан болатын

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz 

«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады. Тергеу жалғасуда», - делінген хабарламада.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апаттық жағдайда деп танылғаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Бөлісу: